Қарағанды облысында жол апатынан бір адам мерт болды, екеуі зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 26 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында «Қарағанды-Павлодар» тас жолында «МAN» жүк көлігі мен «ГАЗ 33021212» жеңіл машина соқтығысып, өртенген.
None
None

Оқиға орнында бір адам ажал құшқан, екеуі ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі хабар таратып отыр.

«25 сәуір күні Осакаровск ауданы Молодежный кентінен 40 шақырым жерде «Қарағанды-Павлодар» тас жолында «МAN» жүк көлігінің жүргізушісі 27 жастағы Павлодар облысының тұрғыны қарсы бетке шығып кетіп, 23 жастағы Екібастұз тұрғыны басқарған «ГАЗ 33021212» машинасымен бетпе-бет соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының салдарынан қос темір тұлпар да отқа оранды. «ГАЗ 33021212» көлігінен 50 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Ол Екібастұз қаласының тұрғыны болып шықты», деп жазылған хабарламада.

«ГАЗ 33021212» көлігінің жүргізушісі және оның 57 жастағы жолаушысы түрлі жарақаттармен Қарағанды облыстық қалалық травматология және ортопедия орталығына жеткізілді.

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Соңғы жаңалықтар