12:54, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
Қарағанды облысында жол апатында бір адам ажал құшып, төртеуі жарақаттанды
ҚАРАҒАНДЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Ұлытау-Қаракерген тас жолында мектеп оқушысы қаза болды, тағы төрт адам жапа шекті.

Бұл туралы аймақтық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, жол апаты 2 мамыр күні Кеңгір ауылынан 15 шақырым жерде Ұлытау-Қаракерген тас жолында болды. «Мерседес ML-320» көлігінің 24 жастағы жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, көліктің жолдың жиегіндегі жыраға аударылуына жол берді. Жол-көлік апаты салдарынан жолаушы, 9 сыныптың оқушысы аурухана жетпей, жан тәсілім етті», - делінген таратылған хабарламада.
Онымен бірге, Сәтбаев қаласының ауруханасына түрлі деңгейдегі жарақаттармен 4 адам жеткізілді.