Қарағанды облысында жол-көлік апаты салдарынан екі жүргізуші қысылып қалған, 5 адам ауруханаға жеткізілді (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қызылорда - Павлодар күре жолында АУДИ-100 және Volkswagen көліктері соқтығысты.
None
None

Бүгін сағат 8:12-де Қарағанды облыстық ТЖД бірыңғай диспетчерлік қызметі басқармасына Қызылорда - Павлодар күре жолының 909-шы шақырымында көлік апаты орын алғаны туралы хабар келіп түскен.

Оқиға орнына Қарағанды облыстық ТЖД ведомство қарамағындағы бөлімшелері мен Абай АІІБ-ның күштері мен құралдары, жалпы алғанда 21 адам мен 7 техника бірлігі жіберілді, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметінен.

Оқиға орнына келгенде, АУДИ-100 және Volkswagen көліктері соқтығысқаны белгілі болды.

Апаттық-құтқару жұмыстарын өткізу барысында жол апаты салдарынан көліктерінде қысылып қалған екі жүргізуші құтқарылды. Абырой болғанда, ешкім құрбан болған жоқ. Жүргізушілер, көліктерде отырған екі әйел мен бір бала Мақажанов атындағы емхана мен Абай аудандық ОАА-ға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар