Қарағанды облысында жол-көлік оқиғасының салдарынан 5 адам қаза болды, бір адам ауруханада ес-түссіз жатыр

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының Шет ауданында, Алматы-Екатеринбург тас жолының 931-ші шақырымында сәрсенбі күні қайғылы оқиға орын алды. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бес адам қаза болды, тағы бір адам ауруханада ес-түссіз жатыр, деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
None
None

Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, тас жолда «Тойота-Камри» және «БМВ» жеңіл көліктері соқтығысып қалып, соның салдарынан «БМВ» көлігі өртеніп кеткен.

«Жол апатының салдарынан «Тойота» көлігінің жүргізушісі мен бір жолаушысы қаза тапқан, тағы бір жолаушысы Шет аудандық ауруханасына ес-түссіз жағдайда жеткізілген. Ал «БМВ» көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмған», делінген департаменттің хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар