11:41, 02 Наурыз 2010 | GMT +5
Қарағанды облысында жолаушылар автобусы жолдан шығып кетті, зардап шеккендер жоқ
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 2-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында, «Қарағанды-Аягөз» тас жолының 203-ші шақырымында жол-көлік оқиғасы орын алды.
«Егіндібұлақ-Қарағанды» бағдары бойынша кетіп бара жатқан «Ситроен» автобусы жолдың шетіне шығып кетті, деп хабарлады сейсенбі күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінен.
Департаменттің мәліметтері бойынша, дүйсенбі күні сағат 15.00-те болған жол-көлік оқиғасының салдарынан ешкім зардап шекпеген.
«Он бес жолаушы Қарағанды бағытындағы басқа автобусқа отырғызылды. Қарқаралы аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері арнайы техника шақырып, автобусты жолға сүйреп шығарды», деп хабарлады департаменттен.