Қарағанды облысында жолдан шығып кеткен 24 вагонның 17-сі жол жиегіндегі жырада жатыр

АСТАНА. 29 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жолдан шығып кеткен 24 вагонның 17-сі жол жиегіндегі жырада жатыр, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.
None
None

Естеріңізге сала кетейік, 28 желтоқсанда Қарағанды облысының Шет ауданында № 2912 жүк пойызының 24 вагоны рельстен шығып кеткен болатын.

29 желтоқсандағы сағат 08.00-дегі жағдай бойынша, 7 вагон жолға көтеріліп, Киік стансысына аттандырылды, 17 вагон жол жиегіндегі жырада жатыр. Тақ жол қалпына келтірілді (70 метр және бір электр бағаны), онымен жолаушылар пойызының қозғалысы жүзеге асырылуда. Жолды төгілген көмірден аршу бойынша дайындық жұмыстары жүргізілуде және жол табаны қалпына келтірілуде.

Төтенше оқиғаны жоюға 3 жөндеу-қалпына келтіру пойыздары (Сарышаған, Балқаш, Сортировочная стансылары), 2 жөндеу-қалпына келітру бригадасының 200 адамы және 12 бірлік техника қатыстырылуда. Пойыздар қозғалысы тақ жолмен жүзеге асырылуда.

Соңғы жаңалықтар