Қарағанды облысында жоспарланған 39 қазандықтың 29-ында жөндеу жұмыстары аяқталды - ТЖД

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінде өткен кеңес мәжілісінде облыстың жылумен жабдықтаушы нысандарындағы жөндеу жұмыстарының барысын бақылау мәселелері сөз болды.
None
None

Бұл туралы төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Владимир Пфаргер хабарлады.

Оның айтуынша, 2010-2011 жылғы жылу беру маусымына дайындық барысында 39 қазандықта жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған, қазіргі таңда 29 қазандықтағы жұмыстар аяқталып отыр.

«Жылумен қамтамасыз етуші нысандар мен тіршілікті қамтамасыз етуші нысандарды қысқа дайындау жөніндегі жұмыстар негізінен кестеге сәйкес жүргізілуде. «Жезқазған жылу-электр орталығында ғана негізгі жабдықтарды жөндеу жұмыстары кестеден сәл кешігіп отыр», - дейді В. Пфаргер.

Кеңес мәжілісіне облыстың жылумен қамтамасыз етуші негізгі нысандары мен жөндеу ұйымдарының басшылары қатысты.

Соңғы жаңалықтар