Қарағанды облысында жыл басынан заңсыз ойын бизнесінің фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғалды

ҚАРАҒАНДЫ. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында қаржы полицейлері ағымдағы жылдың қаңтар айында заңсыз ойын салондары мен казино қызметтерінің фактілері бойынша 4 қылмыстық іс қозғады,
None
None

деп хабарлады экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының (қаржы полициясы) баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпараты бойынша, Қарағанды қаласының Майқұдық ауданында жұмыс істеген жасырын ойын салоны құжатта дүкен деп жазылған. «Бұл мекемеге тек тұрақты әрі «сенімді» келушілер ғана кірген. Мекемені тексеру кезінде оның ішінде жеті ойыншы және бір оператор болды. 8 ойын автоматы және 25 мың теңге сомасында қаражат тәркіленді», - делінген хабарламада.

Тексеру амалдарының мәліметтеріне зер салсақ, бұл мекемеден түсетін күн сайынғы пайда 10 мыңнан 30 мыңға дейін жетеді. ҚР ҚК-нің 269-1 бабы, 1 бөлімі бойынша (Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру) қылмыстық іс қозғалды. Мекеменің иесін жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдануда.

Ведомстводан алынған ақпаратқа қарағанда, өткен жылы Қарағанды облысында қаржы полицейлері заңсыз ойын салоны қызметтерінің 25 фактісін анықтады.

Соңғы жаңалықтар