Қарағанды облысындағы абақтыда жазасын өтеп жүрген Шешенстан республикасының тумасын өзбек полициясы іздестірген

ҚАРАҒАНДЫ. 13 наурыз. ҚазАқпарат - Есірткі сатқаны үшін жазасын Қарағанды облысындағы абақтыда өтеп жүрген Шешенстан республикасының тумасы өзбек полициясымен жалған ақша жасағаны үшін іздестірілгені анықталды. Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлайды.
None
None

«12-14 наурыз күндері арасында өткізіліп отырған «Іздеу» республикалық жедел-алдын алу шарасы барысында Қарағанды қалалық ІІБ криминалдық полициясының қызметкерлері Өзбекстан Республикасының Әндіжан облысының ІІБ-мен жалған ақша дайындау немесе сату үшін іздеуде жүрген Шешенстан республикасының 43 жастағы тумасының жүрген жерін анықтады», - делінеді хабарламада.

Өзбекстанда ер адамға қатысты «қамауға алу» бұлтартпау шарасы алынды, бірақ ол тергеу органдарынан жасырынды.

«Анықталғандай, өзбекстандық әріптестер іздеп жүрген Шешенстан республикасының тумасы Қарағанды облысының абақтыларының бірінде отыр, онда есірткілік заттарды сатқаны үшін жазасын өтеуде. Ол 10 жылға сотталды», - деп атап өтіледі хабарламада.

Соңғы жаңалықтар