20:46, 25 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Қарағанды облысындағы ауыл мектебіне ғалым-агроном Қ.Бабаевтың есімі берілді
ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 25-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының Үміткер аулындағы мектепке ғалым-агроном Қылыш Бабаевтың есімі берілді,

деп хабарлады аудандық әкімдіктен.
Аудандық мәслихаттың кезекті 22-ші сессиясында ономастика комиссиясының ұсынысы бойынша осындай шешім қабылданды.
1913 жылы туған Қ.Бабаев ауыл шаруашылығы саласындағы ғылым қайраткері ретінде танылды. 1943 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері атағын алды. В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтын басқарды. Ленин орденімен және медальдармен марапатталған. 1948 жылы ұшақ апатынан мерт болды. Бұқар жырау ауданындағы кеңшарлардың бірі Қ.Бабаевтың атымен аталады.