Қарағанды облысындағы Көкпекті кентінің әкімі бір жылға жүргізуші құқығынан айырылды

Қарағанды-Көкпекті күрежолын торуылдаған инспекторлар «Опель» автомобилін тоқтатты. Автомашина қарсы беттегі бағыт арқылы басып озған. Машинаның рулінде кенті әкімі болып шыққан, деп хабарлады kriminalka.kz .
Бақытжан Смайылов су тасқынынан кейін қалпына келтірілген үйлерді аралап шығу үшін келе жатқан облыс әкімі мен журналистермен кездесуге асыққан. Ірі габаритті машина кедергі болғандықтан қарсы бетке шығып басып озу ғана мүмкін болды. Кент әкімі тұтас қос сызықты кесіп өтті. Инспекторлар қарсы жолға шыққан үшін оған хаттама толтырды.
463-3-бап бойынша қарсы беттегі жолға шығу бір жыл мерзімге дейін жүргізуші куәлігінен айыру жазасын көздейді. Іс материалдарын қараған әкімшілік соты әкімді «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексіне сәйкес жазалауға шешім қабылдады.