11:32, 10 Мамыр 2013 | GMT +5
Қарағанды облысындағы өрт 27 жастағы ер адамның өмірін қиып кетті
АСТАНА. 10 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы Шахтинск қаласында жеке тұрғын үй өртеніп, 1 адам қаза тапты.

Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт мамырдың 10-на қараған түні шыққан. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Қарағанды облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 9 адамы мен 2 техникасы тартылды. Жалын шарпыған аумақ 20 шаршы метрді құрады. Өрт орнынан 27 жастағы ер адамның мәйіті табылды.