14:10, 10 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қарағанды облысындағы шаруа қожалықта 200 тонна шөп өртеніп, өрт кезінде механизатор зардап шекті
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 10-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысындағы Бұқар Жырау ауданында, Суықсу ауылына жақын жерде 720 гектар аумақтағы дала өртеніп кетті, деп хабарлады жұма, қыркүйектің 10-ы күні облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Суықсу ауылдық округіндегі «Арғымақ» шаруа қожалығының 200 тонна шөбі өртеніп кетті. Өрт салдарынан «Суық бұлақ» шаруа қожалығының 59 жастағы механизаторы зардап шекті, ол Қарағанды қаласындағы Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды», - деп ақпараттандырды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Көп уақыт өтпей, жалын ауыздықталды. Өртті сөндіру үшін облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі мен апатты-құтқару жұмыстарының 37 қызметкері және 8 дана техникасы жұмылдырылды.