Қарағанды облысындағы тікұшақ апатынан зардап шеккендердің жағдайы - «орташа ауыр»

ҚАРАҒАНДЫ.   Шілденің 13-і.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарқаралы    ұлттық саябағының аумағын    шолу кезінде    орын  алған тікұшақ апатында  зардап шеккен екі адам  қазір   жансақтау    бөлімінде  жатыр.
None
None

Мақажанов атындағы  емхана бас дәрігерінің  орынбасары Аманжол  Апырайымовтың    ҚазАқпарат тілшісіне  хабарлағанындай, дәрігерлер   олардың  жағдайын  «орташа ауыр» деп бағалап отыр.

«Олардың  біреуі - 24   жастағы жігіттің -    жамбасы  сынған,  басқа  да кішігірім   жарақаттары  бар.  Оған   қажетті медициналық көмек көрсетілді. Оның  жағдайы алаңдаушылық туғызбайды, бірақ  әзірге  ол   жансақтау  бөлімінде    қалады»,  дейді  бас дәрігердің    орынбасары.

Ал  екінші  зардап шеккен  40-тар шамасындағы  азамат    тілерсектен  ашық  сынық  жарақатын  алған,     оған  бүгін операция    жасалады.  

Бас дәрігердің  орынбасарының айтуынша,    зардап   шеккендер    медиктерге  оқиғаның  мән-жайын  айтып берген.  «Олардың    айтуынша,    шолу кезінде жауын басталып, олар   жерге  қонбақ   болған.   Жерге  жақындаған  кезде,    ұйытқыған жел   тікұшақты арылы-бері  шайқай бастаған», дейді  дәрігер. 

Кеше,   шілденің 12-сінде    Қарқаралы қаласынан  30 шақырымдай,  Ақтерек елді мекенінің  шығысына қарай 12 шақырым  жерде     тікұшақтың апатқа ұшырағанын    ҚазАқпарат  бұдан   бұрын  хабарлаған болатын.

Соңғы жаңалықтар