Қарағанды облысындағы Ұлы Отан соғысының бір топ ардагері мемлекеттік марапаттарға ие болды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов сәрсенбі, мамырдың 5-і күні Жеңістің 65 жылдығына арналған қабылдауы барысында бір топ ардагерге мемлекеттік марапаттарды тапсырды.
None
None

Мерекелік қабылдауға аймақтың түпкір-түпкірінен келген 40 Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен тыл еңбеккерлері қатысты.

ҚР Президентінің Жарлығымен Ұлы Отан соғысының ардагерлері Қабеш Бекенұлы Бекенов, Василий Михайлович Артемьев, Алпан Итжанов, Петр Константинович Передерей, Дмитрий Васильевич Петров және Құрмет Бұқпанұлы Танашев «Құрмет» орденімен, ал Виктор Николаевич Кононыхин - «Шапағат» медалімен марапатталды.

Облыс әкімінің қабылдауы барысында алты ардагер марапатталды. Ұлы Отан соғысының ардагерлері бұл құрметті «Туған Қазақстаныма қызмет етемін!» деген сөздермен қабылдады.

Қабеш Бекенов мамырдың 7-і күні Астанада Президент қабылдауында болып, «Құрмет» белгісін Ақордада Елбасының қолынан алады, деді аймақ басшысы.

«Жеңіс күнінен бергі жылдар сіздердің батырлық пен ерліктеріңізді, өмірге деген, туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктеріңізді одан да жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Сіздер жаудан қорықпадыңыздар және өз және біздің болашағымыз үшін жасаған батырлықтарыңыз бен көрген азаптарыңыздың ең басты марапаты осы Жеңіс күні болмақ», деді ардагерлерді қарсы алған С.Ахметов.

Кездесуде сөз алған ардагерлер мемлекет басшылығына көрсеткен қолдау-көмектері үшін алғыстарын білдірді.

Қабылдауда болған әрбір ардагер 100 мың теңге көлемінде ақшалай сыйлық пен теледидар алды.

Бүгін Қарағандыда сондай-ақ, соңы мерекелік концертпен аяқталған Жеңістің 65 жылдығына арналған салтанатты жиын болды.

Соңғы жаңалықтар