Қарағанды облысындағы жол апатында ресейліктер зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы жол-көлік апатында Ресейдің Красноярск қаласының екі азаматы зардап шекті.
None
None

Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметі мәлім етті.

«22 сәуір күні Ақжал кентінен 3 шақырым жерде «Қарағанды-Балқаш» тас жолында Алматы қаласына бет алған «МАЗ» жүргізушісі басқару тетігіне ие бола алмай, көлік аударылған», -делінген хабарламада.

Апат салдарынан жарақаттанған жүргізуші және оның 38 жастағы ағасы Балқаш қаласындағы орталық ауруханаға жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар