Қарағанды облысының әкімдігінде Ұлы Жеңістің 66 жылдығына орай ардагерлерді қабылдады

ҚАРАҒАНДЫ. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімдігінде Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 66 жылдығына орай ардагерлерді салтанатты қабылдау болды.
None
None

Оған облыстағы барлық қалалар мен аудандардан 30 майдан және тыл арлагерлері қатысты.

Аймақ басшысы Серік Ахметовтың атынан облыс әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев ардагерлерді құттықтады. «Қарағандылықтар, соның ішінде бүгін осы жерге келіп отырған сіздер, Отанды батыл қорғай отырып, жауды жеңуге үлестеріңізді қостыңыздар. Ал бүгінгі таңда сіздер аймақтың қоғамдық өміріне белсенді атсалысып, өскелең ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеуде үлкен жұмыс атқарып келесіздер», - деді ол.

Облыс әкімінің орынбасары атап өткендей, жергілікті билік органдары Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың аға ұрпаққа қамқорлық танытып, әрбір ардагердің қажеттілігін өтеу туралы тапсырмасын бұлжытпай орындауда.

Қабылдауға қатысқан әрбір ардагер 35 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлық алды. Ардагерлер сондай-ақ мейрамханада өткен мерекелік түскі асқа шақырылды.

Соңғы жаңалықтар