Қарағанды облысының әкімі бастаған жұртшылық «Сарыарқа» хоккейшілеріне құрмет көрсетті

«Сіздер біріншіліктің барлық кездесуін абыроймен өткізіп, асқан шеберлікті, жеңіске деген ұмтылысты және командалық рухты көрсете білдіңіздер. Сіздер маусымның нағыз сенсациясына айналдыңыздар. Мұндай жетістікті ЖХЛ-дың дебютанттарынан ешкім күтпегені анық. Сіздердің арқаларыңызда бірнеше ойын ішінде «Сарыарқа» чемпионаттың барлық қатысушылары үшін мықты қарсыласқа айналғаны хақ», - деді Қарағанды облысының әкімі Бауыржан Әбдішев хоккейшілерді құттықтау барысында.
Ойыншылар, жаттықтырушылар құрамасы және «Сарыарқа» ХК-ның басшылығы облыс әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталды. Команда ойыншылары сондай-ақ шайбалы хоккейден Қазақстан Республикасының спорт шеберлері атақтарын алды.
«Сарыарқаға» жеңімпаздың кубогын ЖХЛ-дың коммерциялық емес әріптестіктің басқарушы директоры Герман Скоропупов табыстады.
Айта кетейік, қарағандылық «Сарыарқа» ХК 2012 жылдың қыркүйек айында ЖХЛ чемпионатында алғаш рет өнер көрсете бастады. Команда жеңіліссіз матчтардың саны бойынша Жоғарғы және Құрлықтық хоккей лигаларының (қатарынан 23 жеңіс) рекордын жасап, 2012-2013 жж. маусымның жеңімпазы танылды. Сондай-ақ, «Сарыарқа» плей-оффтың финалисті болды.
«Сарыарқа» ХК Қарағанды облысы әкімінің шешімімен 2006 жылы құрылды.