Қарағанды облысының әкімі Бұқар жырау ауданындағы су басу қаупі бар аймақтарды аралады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2017 жылғы 17 наурызда Қарағанды облысының әкімі мен мүдделі органдардың басшылары Қарағанды облысының Бұқар жырау ауданына барды. Сапардың мақсаты екі жыл қатарынан су басқан Бұқар жырау ауданы аумағының су тасқыны жағдайының дайындықтарын бағалау болды, деп хабарлайды Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
None
None

Сапардың бірінші бекеті 2014 жылы бөгеті жарылған Көкпекті ауылының бөгеті болды. Содан соң, облыс әкімі Көкпекті ауылдық округінің Байқадам ауылындағы «Қарағанды - Аягөз - Бұғаз» республикалық жолын қардан тазалау барысымен танысты, жолдарды қардан тазарту сапасы мен қар көлемін бағалады.

Осылармен бірге Нұра өзені арнасының шатқалын шабу бойынша жұмыс барысы тексерілді. «Қарағанды -Тоғызқұдық - Ботақара» автожолында 2015 жылы су тасу мерзімінде зақымданған Нұра өзені арқылы өтетін жөнделген көпірді, Нұра өзені мұзының қатуы мен су деңгейін тексеру жүзеге асырылды.

Сонымен қатар, Нұра өзені бойындағы Ботақара кентінің қорғану бөгетінің негізін қалыптастыру, Ботақара кентіндегі қоршалған бөгетті шайып кету және тұрғын үйлерді су басу қаупіне байланысты, ұзындығы 3 км. бөгет биіктігін бекіту және ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысы тексерілді.

Сапар соңында Қарағанды облысының ТЖД бастығы азаматтық қорғау полковнигі И.Д.Күлшімбаев облыс әкіміне облыс аумағындағы жалпы су басу жағдайы, су басу зардаптарының алдын алу және жою бойынша барлық қажетті материалдық -техникалық кешендерді дайындау бойынша облыстың ТЖ департаментімен, жергілікті атқарушы органдарымен және ұйымдарымен атқарылып жатқан шаралары туралы баяндады.

Сонымен қатар департаменттің бастығы ТЖ департаменті бөлімшелерінің жеке құрамы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, су тасқыны кезіндегі іс-әрекет бойынша жадынамалар таратып, халықпен бірге рейдттер мен жиындар өткізіліп, қауіпсіздік бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың тексерілу үстінде екендігін айтты.

Соңғы жаңалықтар