Қарағанды облысының әкімі еңбекақы төлемдерін индексациялауға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіподақтары мен басшылығы арасындағы ұзаққа созылған дауды реттеуге көмектесті

ҚАРАҒАНДЫ. Желтоқсанның 23-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Еңбекақы төлемдерін индексациялауға байланысты «АрселорМиттал Теміртау» АҚ кәсіподақтары мен басшылықтары ұзаққа созылған дауды шешуде өзара ымыраға келді.
None
None

Бүгін «АрселорМиттал Теміртау» АҚ әкімшілігінің келісім комиссиясы мен металлургтардың «Жақтау» кәсіподақтар комитеті бірлескен шешімді хаттамамен рәсімдеді. Бұған компания басшылығымен жұмыс кеңесін өткізген Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов ықпал етті.

«Компания мен жұмысшылардың мүдделері арасында қашан да келісім табуға болады. Алайда бұл мәселені сөзбұйдаға салуға болмайды, өйткені бұл келіссөздердің артында адамдар тұр. Тараптар арасында шынайы және сындарлы диалог болуы тиіс», - деді аймақ әкімі.

Компания ақпараты бойынша, 2009 жылғы қазанның 1-інен бастап тарифтік мөлшерлемелер мен жалақыны 7,5 пайызға ұлғайту, сондай-ақ қосымша біржолғы төлемдерді жалпы сомасы 45500 теңге мөлшерінде осы жылғы желтоқсанның соңына дейін және қаңтар айында екі бөліп төлеу жөнінде келісімге қол жеткізілді.  2010 жылдың бірінші тоқсанында металлургия комбинатының өткізілген жылдың өндірістік-қаржылық қорытындылары бойынша сыйақы (13-ші еңбекақы) төленетін болды.

Кәсіподақ комитеті сот органдарына талап шағымын қайтарып алатын болды. Тараптар сондай-ақ ұжымдық шартқа өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде келіссөздер жүргізу қажет деп тапты.

Соңғы жаңалықтар