Қарағанды облысының әкімі қарттарды құттықтады (ФОТО)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков егде жастағы адамдарды Қарттар күнімен құттықтады, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
None
None

«Бұл күн - Сіздерге облысымыздың дамуына қосқан үлестеріңіз, көп жылғы адал еңбектеріңіз, тәжірибелеріңіз бен мейірімділіктеріңіз үшін алғыс айтудың тамаша мүмкіндігі! Алдарыңызда басымды иемін!», - деді ардагерлерге сыйлықтарын табыстау кезінде Н.Әбдібеков.

Аймақ басшысын Ұлы Отан соғысының 91 жастағы қатысушысы, ішкі істер органдарының ардагері, отставкадағы полковник Николай Половой мен тыл еңбеккері, құрметті шахтер Нығметжан Омаров үйінде күтті. 83 жастағы ақсақал қонағы үшін домбыра да шертті.

Соңғы жаңалықтар