20:10, 30 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қарағанды облысының әкімі кенттік қор орталығының директорына білім беруді дамытуға қосқан үлесі үшін 1 млн. теңгелік банк депозитін сыйға тартты
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бейсенбі, қыркүйектің 30-ы күні Қарағандыдағы Кеншілер мәдениет үйінде Қарағанды облысы әкімінің білім берудегі үздік қызметкерлерге жүлде тапсыру салтанаты болып өтті.
Мұғалімдер күніне арналған мереке «Білім беруге қосқан ерекше үлесі үшін» берілетін арнайы жүлдені тапсырумен басталды. Биылғы жылы бұл жүлдеге облыстағы үлкен педагогтардың бірі, Бұқар Жырау ауданы, Ростова кентіндегі қор орталығының директоры Нұриден Өмірбаев лайық деп танылды. Қалыптасқан дәстүр бойынша бұл аталым жүлдегерлері 1 млн. теңге көлеміндегі банк депозитіне ие болады.
Арнайы жүлдеден бөлек, облыс әкімінің 200 мың теңге көлеміндегі сыйақысы ең үздік 14 педагогқа бұйырды.
Салтанатты шара Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваның қатысуымен өткен мерекелік концертке жалғасты.