Қарағанды облысының әкімі қызметтік артық көліктерді сату жөнінде шешім қабылдады

ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында қызметтік жеңіл автокөліктер лимиті қайта қаралды.
None
None
Бұл туралы бүгін Мемлекет басшысының Қазақстан халқына «Дағдарыстан - дамуға» Жолдауында белгіленген тапсырмаларды жүзеге асыруға арналған активінің отырысында облыс әкімі Нұрлан Нығматуллин мәлімдеді, деп хабарлайды қазАқпарат тілшісі. «Жолдауда дағдарысты еңсеру жөніндегі тапсырмалар қатарынан бюджеттің барлық шығыс баптары бойынша үнемдеу қажеттігі мен қаржыға қатаң тәртіп мәселесі атап көрсетілген», - деді облыс әкімі. Осыған байланысты, ол аймақта қандай мәселелердің қолға алынып жатқандығы туралы айтты. «Осы жылға бюджет жасау барысында біз мемлекеттік органдар үшін көлік құралдарын, кеңсе жиһаздарын алу, мерейтойлар мен шаралар өткізу, компьютерлер мен ұйымдастыру техникаларын алу және жөндеу жұмыстарының шығынын толық қысқарттық. Басымдық емес сипаттағы шығын көлемі 1 млрд. теңгеге дейін қысқарды. Басқару органдарына жұмсалатын қаржы 100 млн. теңгеге шектелді. Бұл бағыттағы жұмысты бұдан әрі де жалғастыра береміз», - деп атап өтті Н.Нығматуллин.Аймақ басшысы тағы да 28 қызметтік көлік санының қысқартылып, олардың сатылуға қойылатындығын жеткізді. Әкімнің айтуына қарағанда, аталмыш шара бюджет шығынын 54 млн. теңгеге кемітеді, ал автомобильдерді сату арқылы бюджет қоржыны 29 млн. теңгеге толыға түседі. Облыс әкімі «барлық деңгейдегі бюджет бойынша оңтайландырудың мүмкіндіктері әлі де баршылық» - деп есептейді. Осыған байланысты аймақ басшысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына, қала және аудан әкімдеріне басымдық емес сипаттағы шығындарды оңтайландыру жөнінде тапсырма берді. «Үнемделген қаржының барлығы бұдан бұрын құрылысы басталған нысандарды қаржыландыруға, қосымша жұмыс орындарын ашуға жұмсалуы тиіс», - деп есептейді.
Соңғы жаңалықтар
Референдум