Қарағанды облысының әкімі мерейтой өткізуді тоқтату қажеттігін айтты

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамед Әбдібеков келесі жылы қандай да бір мерейтойға арналған салтанатты шараларды өткізуге тыйым салуды ұсынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-нің тілшісі.
None
None

«2016 жылы тойларды өткізуден бас тартуды сұраймын. Соңғы өткізетін оқиға - Тәттімбеттің 200 жылдығы, бұл - маңызды оқиға. Келесі жылы той өткізуді тоқтатуды сұраймын. Әйтпесе, «анда анау батыр», «мынау батыр бар» деп сөз басталып жатады, ал оның маңыздылығын әлі дәлелдеу керек», - деп мәлімдеді Н.Әбдібеков 30 қазанда облыстық әкімдікте аймақтың 9 ай бойынша әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері талқыланған отырыс кезінде. Облыс әкімі сондай-ақ, қосымша шығындарды болдырмау үшін түрлі атауларды өзгертуді тоқтатуды сұрады.

Соңғы жаңалықтар