Қарағанды облысының әкімі С.Ахметов екі спорт ұйымын: шайбалы хоккей мен футболды басқарды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов шайбалы хоккейден облыстық федерацияның, сондай-ақ облыстық футбол қауымдастығының төрағасы болып сайланды,
None
None

деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметі.

Шайбалы хоккей бойынша федерацияның отырысында С.Ахметов облыста спорттың осы түрін дамыту, соның ішінде «Сарыарқа» хоккей командасының ағымдағы республика чемпионаты ауқымында өнер көрсетуі жөнінде бірқатар міндеттерді алға қойды.

Ал облыстық футбол қауымдастығының отырысында «Шахтер» футбол клубының өткен жылғы қорытындылары және 2010 жылғы маусымға әзірлік барысы талқыланды. Сонымен қатар, С.Ахметовтің ұсынысымен футбол ұйымы төрағасының орынбасары болып Қарағанды қаласының әкімі Бауыржан Әбдішев сайланды, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар