Қарағанды облысының ауыл тұрғындарына арзандатылған бағамен минералдық тыңайтқыштар алу үшін республикалық бюджеттен 141 миллион теңге субсидиялар бөлінеді

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Осы жылы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы еңбеккерлеріне арзандатылған бағамен минералдық тыңайтқыштар алу үшін республикалық бюджеттен 141 миллион теңге субсидиялар бөлінеді,
None
None

деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Төлеутай Рахымбеков бүгін, бейсенбіде агроөнеркәсіп кешенін дамыту жөніндегі жиында жасаған баяндамасында.

Бөлінбек қаражаттар ауыл шаруашылығы құрылымдарына 5 мың тоннадан астам тыңайтқыш сатып алуға мүмкіндік береді, бұл 2008-інші жылғы деңгейден 4,5 есе артық және 2009-ыншы жылдағыдан 20 пайыздай көп дегенді аңғартады.

«Ғылыми негізделген егіс айналымдары тәртібін сақтау мәселелері үлкен маңызға ие болуда. Осы үшін егістік алқаптар жүйесіндегі бұршақ дәнділер мен жемдік дақылдар үлесін 20%-ға жеткізу қажет. Бұл мәселеде ауыл еңбеккерлеріне қолдау көрсету мақсатында біз үстіміздегі жылы бұршақ дақылдары тұқымын сатып алуды және өсірілген дайын өнімдерді сатуды жоспарлап отырмыз. Бұған «Агроконсалтинг» АҚ бюджетінен 30 миллион теңге қарастырылған», -дейді Т. Рахымбеков.

Соңғы жаңалықтар