Қарағанды облысының қаржы полициясы бопсаланған бизнесменнің арызы бойынша 2 қылмыстық іс қозғады

ҚАРАҒАНДЫ. 28 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының қаржы полициясы департамент жетекшісіне шағымданған кәсіпкердің арызы бойынша тексеру амалдарын жүргізе отырып, 2 қылмыстық іс қозғады.
None
None

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметінен хабарланды. 

«Қаржы полициясы департаментінің жетекшілігімен қызметіне заңсыз араласу мәселесіне байланысты апта сайын шағын және орта бизнес кәсіпкерлерінің қабылдауы өтеді.  Ақпанда кәсіпкерлердің бірінің арызы бойынша сыбайлас жемқорлыққа байланысты 2 қылмыстық іс қозғалды», - деп хабарланды департаменттің баспасөз қызметінен. 

Қылмыстық іс аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің маманы мен өрт сөндіру қызметі қарауылының басшысына қатысты қозғалды, деп хабарланды қаржы полиция бөлімінен.

«Кәсіпкерлердің әрбір хабарламасы мен өтініші қарастырылады. Егерде сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір белгі байқалса, тексеру шаралары белгіленеді», - деп атап өтілді қаржы полициясында.

Соңғы жаңалықтар