Қарағанды облысының қаржы полициясы шикі мұнайды заңсыз сату фактісі бойынша қылмыстық істі сотқа жолдады

  ҚАРАҒАНДЫ. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Ленгір мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы» АҚ-ның 2 қызметкері шикі мұнайды заңсыз сатты деп айыпталуда, оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді.
None
None

Бұл туралы бүгін брифингте Қарағанды облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Саят Сауқымбеков айтты.

«Ленгір мұнай барлау скважиналарын сынау экспедициясы» АҚ-ның 2 қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Күзетшілер Баялы Рысқұлбеков пен Маратбек Қабылов Жезқазған қаласынан 390 шақырым жерде Қарағанды облысы Ұлытау ауданында орналасқан «Жыланқыр» кен орнында шикі мұнайды заңсыз сатты деп айыпталуда. Оларға қатысты қылмыстық іс сотқа жолданды», - деді С. Сауқымбеков.

Тексеру амалдарының мәліметтеріне сәйкес, мұнайды заңсыз сату нәтижесінде келтірілген шығын 12,2 млн. теңгені құрады.

«Ағымдағы жылдың  қыркүйек айында қаржы полициясы қызметкерлері бірнеше мәрте бақылау ретінде мұнай сатып алды. Басқа тұлғалармен мұнайды заңсыз сатып алу фактілері тіркелмеді. Ағымдағы жылдың 28 қарашасында айыпталушыларға қатысты қамауға алу ретінде бұлтартпатау шарасы қолданылды»,- деп хабарлады облыстық қаржы полициясы департаменті бастығының орынбасары.

Сот сараптама институтының тауартану сараптамасы мәліметтеріне сәйкес, Қарағанды облысы бойынша 1 тонна мұнайдың нарықтық құны 113,6 мың теңгені құрайды.

«Онымен бірге шикі мұнайды заңсыз сату фактілері бойынша заңды тұлғаға қатысты тексеру жұмыстары жүргізілуде. Материалдар жеке өндіріске шығарылды. Күдіктілер анықталу үстінде», - деді С. Сауқымбеков.

Соңғы жаңалықтар