Қарағанды облысының полиция қызметкері қол күресі бойынша әлем чемпионатынан «күміс» еншіледі

ҚАРАҒАНДЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының полиция қызметкері Махмуд Мұхамеджанов қол күресі бойынша әлем чемпионатында күміс медаль олжалады,
None
None

 деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Сайыс Алматыда 9-11 қараша аралығында өтті. Чемпионатқа әлемнің 26 елінен шамамен 140 спортшы қатысты. «Жалпыкомандалық есепте бірінші орынды қазақстандықтар иеленді, екінші орынға Ресей жайғасты, үшінші орынды Қырғызстан тұйықтады», - деп хабарлады облыстық ІІД.

Айта кетейік, полиция аға лейтенанты М. Мұхамеджанов Қарағанды облысына қарасты Жаңаарқа ауданы ІІБ-да жедел уәкіл болып қызмет етеді. Қол күресі бойынша әлем чемпионатында ол 95 келіден артық салмақ дәрежесінде сынға түсті.

Соңғы жаңалықтар