14:07, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Қарағанды облысының полициясы жыл басынан бері 250 келі есірткі тәркіледі
АСТАНА. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Жыл басынан бері облыстық ішкі істер органдарының құрылымдары есірткіге қатысты, оның ішінде есірткі заттарын сатуда 175 оқиға бойынша 230 қылмыстық іс қозғады.

Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Заңсыз айналымнан 254 келіден артық есірткі тәркіленді, оның ішінде 17 келісі - героин.
Сотқа 187 қылмыстық іс жіберілді, 75 адам қылмыстық жауапкершілікке, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтың 230 бабы бойынша 332 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Ағымдағы жылдың 7 айында есірткі заттарының ірі партиясын өткізудің 12 арнасы анықталды.