Қарағанды облысының республикалық маңызы бар автожолында акция өтті
«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Қарағанды облыстық филиалы Қарағанды облысы ІІД Әкімшілік полиция басқармасы және Қарағанды облысы «Қазақавтожол» РМК бірлесе отырып, республикалық маңызы бар автомобиль жол бойында жол қозғалысының қауіпсіздігі жөніндегі акция өткізді. Акцияның мақсаты - жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттау, жол қозғалысы ережелерін сақтау және жол-көлік оқиғаларының алдын алу болып табылады», делінген хабарламада.
Акция «Қарағанды-Теміртау» автожолының қозғалысы ең көп «Екатеринбург-Алматы» бөлігінің 1444-1457 шақырымында өтті. Ол жердегі қозғалыс қарқындылығы тәулігіне 20 мың, ал «Қарағанды-Абай» бөлігінде тәулігіне 16 мың автокөлікті құрайды. «Қарағанды-Абай» бөлігінде жүргізушілердің назарын аудару үшін көлік апатынан кейінгі автомобиль салынған эвакуатор көруге қойылды. Акция барысында жол полициясы қызметкерлері автомобильдерді тоқтатып, ұйымдастырушылар жол қозғалысы қатысушыларымен жол қозғалысы ережесін, қауіпсіз жылдамдық тәртібін, басып озу, орағыту ережелерін сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Жүргізушілердің кінәсінен болған жол-көлік оқиғаларының орын алу себептері жазылған буклеттер таратылды. Ол жылдамдық тәртібін сақтамау, басып озу ережесін бұзу, орағыту, жаяу жүргінші жолынан жүру ережесін бұзу, мас күйінде немесе басқа жағдайда автокөлік құралдарын басқару.