Қарағанды облысының соттарында ауыс-түйіс болды

ҚАРАҒАНДЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облыстық сотында жаңадан сайланған судьяларды таныстыру шарасы өтті,
None
None

деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметі.

«ҚР Президентінің 2010 жылғы тамыздың 2-сіндегі №1031 Жарлығына сәйкес мамандандырылған аудандық экономикалық соттың төрағасы болып осыған дейін осы сотта судья қызметін атқарған Мұрат Амангелдіұлы Туғанбаев тағайындалды. Теміртау қалалық сотының төрайымы болып осыған дейін Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы №2 сотының жетекші маманы қызметін атқарған 1970-інші жылы туған Зәкира Жұлдыбайқызы Әлекпаева тағайындалды», - деп хабарлайды облыстық соттың баспасөз қызметінен.

З.Әлекпаева ант қабылдады. Судьялар корпусы атынан облыстық сот төрағасы Ермек Серекбаев жаңадан тағайындалған әріптестерін құттықтап, жұмыста табыс тіледі.

Соңғы жаңалықтар