Қарағанды облысының тұрғыны түзеу мекемесіне темекі мен героин өткізіп жібермек болған

ҚАРАҒАНДЫ. 13 қараша. ҚазАқпарат -  Қарағанды облысында түзеу мекемесіне есірткіні өткізіп жіберу әрекетіне тоқсауыл қойылды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 
None
None

«Жедел-іздестіру шарасының барысында облыстық түзеу мекемелерінің бірінің көрісу бөлмесінде Абай ауданына қарасты Көксу ауылының 40 жастағы тұрғынынан 2,155 грамм салмақта есірткі заты - «героин» тәркіленді. Есірткі заты темекі қорабының ішінде болған», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

 Полицияның берген ақпаратына қарағанда, әйел бұған дейін есірткі затын сақтағаны үшін істі болған.

 «Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар