Қарағанды облысының жол полицейлері жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер үшін қан тапсырды

  ҚАРАҒАНДЫ. 16 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облысының жол полицейлері донор акциясын өткізді, олар жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер үшін 9 литр қан тапсырды, деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі. 
None
None

Акцияға облыстық ІІД жол полициясы басқармасының 20 қызметкері қатысты. «Жол полициясы қызметкерлері таңертең облыстық қан орталығында болды. Жалпы алғанда олар жол-көлік оқиғаларында зардап шеккендер үшін 9 литр қан тапсырды», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі.

Бұл шара 12 қарашада бастау алған республикалық «Жол қозғалыс қауіпсіздігі апталығы» акциясының аясында ұйымдастырылды.

Соңғы жаңалықтар