Қарағанды тұрғынынан оқпен ататын қару ретінде қайта жасалған газ тапаншасы табылды

ҚАРАҒАНДЫ. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда тәртіп сақшылары «Қару» жедел-алдын алу іс-шарасын өткізу барысында жұмыссыз ер адамнан жауынгерлік оқпен ататын қару ретінде қайта жиналған газ тапаншасын тәркіледі.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлімдеді.

«Қару» жедел-алдын алу шарасының барысында Қарағанды қалалық ІІБ Киров полиция бөлімінің инспекторлары еш жерде жұмыс істемейтін 50 жастағы ер адамды ұстады. Одан 9 мм калибрі, нөмірі жоқ әрі оқ-дәрімен ату үшін өзгертіліп жиналған VALTRO MJD жүйесіндегі газ тапаншасы тәркіленді», - делінген таратылған баспасөз хабарында.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 251-бабы - «Қаруды заңсыз сақтау және ұстау» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар