19:50, 05 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағанды заң институтында заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелеріне қатысты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 5-і. ҚазАқпарат /Рамазан Гүлден/ - Мамыр айының 4-інде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Б.Бейсенов атындағы Қарағанды заң институтында «Қазақстан Республикасындағы заң және қоғамдық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, деп хабарлады Қаржы полициясының баспасөз қызметі.
Аталған конференцияда Қаржы полициясы академиясы әлем тілдері кафедрасы оқытушыларының жетекшілігімен Академия тыңдаушылары Г.Омарова «Заңгердің сөйлеу мәдениеті туралы», М.Тоқтарханова «Заңгерлердің тіл мәдениетіне қойылатын кейбір талаптар», Д.Төлегеновтің «Заңгердің сөйлеу мәдениеті» деген тақырыптарда ғылыми баяндамалар жасап, өзекті мәселелерді қозғағаны, жүйелі зерттеулер жасағаны үшін Қарағанды заң институты басшылығы атынан марапаттауларға ие болды.