15:15, 17 Қараша 2012 | GMT +5
Қарағандыда 1 млрд. астам теңгеге айналма жол салынды
ҚАРАҒАНДЫ. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қарағандыда құрылысына бюджеттен 1 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалған жаңа айналма жолдың ашылуы болды.
Жаңа жол қаланың Оңтүстік-Шығыс бөлігін Майқұдықпен қосады. Оның ұзақтығы - 2,3 шақырым. Қала басшылығының айтуынша, айналма тас жолы Қарағандының екі ірі ауданын қосатын жолдағы кептелістердің санын азайтуға мүмкіндік береді.
Жол төрт жолақты болады.
«Айналма жолдың құрылысына 1 млрд. 43 млн. теңге жұмсалды. Мердігер үш жылға кепілдеме берді. Осы уақытта ол қажет болған жағдайда жолды тегін жөндеуге міндеттеледі», - деп хабарлады Қарағандының әкімдігінен.