11:28, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Қарағандыда 3 келіден астам героинмен жұмыссыз әйел ұсталды
ҚАРАҒАНДЫ. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағандыда 36 жастағы жұмыссыз әйел ұсталды, оның пәтерінен 3 келіден астам героин табылды.

Бұл туралы Қарағанды облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен мәлім етті.
«3 мамыр күні ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің және Қарағанды қалалық ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері шұғыл-іздестіру іс-шаралары барысында 36 жастағы қарағандылық жұмыссыз әйелді ұстады. Оның пәтерінде санкцияланған тінтуді жүргізу барысында кіреберіс бөлмеде салмағы 3 келіден астам «героин» есірткі заты табылды», - делінген баспасөз хабарында.
Азаматшаға қатысты қылмыстық іс қозғалды, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау абақтысына жеткізілді.