Қарағандыда 80 келіден астам марихуана жойылды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда полицейлер 80 келіден астам марихуананы өртеуге жіберді, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметі.
None
None

«22 сәуір Қарағандының нан-макарон комбинатының аумағында Қарағанды облысыны ІІД-нің тергеу істерінде қылмыстық істер бойынша заттай дәлел болған есірткі заттарын жою жүргізілді», - делінген хабарламада. Ведомствоның баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, нан зауытының мартен пешінде «марихуана» есірткі затының 80 келіден астамы жойылған.

Есірткіні жою процедурасы арнайы комиссияның көз адында жүргізілді. Комиссия құрамында есірткіге қарсы күрес басқармасының, прокуратура, сот орындаушылар департаменті мен басқа қызығушылық білдірген органдардың өкілдері бар.

«Осы күні жойылған 47 келіден астам марихуана облыстың ІІД Есірткіге қарсы күрес басқармасының қызметкерлерімен 2014 жылдың ақпанында Жамбыл облысының тұрғынынан Балқашта жедел іздеу шараларын жүргізу барысында табылған», - деп көрсетілген хабарламада.

Тергеу және соттың істі қарауы кезінде тәркіленген есірткі заттары облыстың ІІД-нің сақтау камерасында болды, шешім заңды күшіне енгеннен кейін оны жою туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар