20:18, 04 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қарағандыда 9 жасар бала петарданың жарылуынан зардап шекті
ҚАРАҒАНДЫ. 4 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда 9 жасар ұл бала петарданың жарылу салдарынан зардап шекті. Бұл туралы жедел медициналық көмек қызметінен хабарлады.
«Жазатайым оқиға 2 қаңтар күні болды. Зардап шеккен баланың ата-анасының айтуынша, петарда оның қолында жарылды. Бала «көздің химиялық күюі» диагнозымен облыстық медициналық орталыққа жеткізілді.