17:02, 10 Қаңтар 2012 | GMT +5
Қарағандыда «Ақ жол» партиясының төрағасы жұмысшылармен кездесті
ҚАРАҒАНДЫ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Бүгін Қарағандыда «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев сайлаушылармен кездесті.
Кездесу темірбетон бұйымдарды жасайтын «Нұрхан» ЖШС зауыттың цехында өтті.
Партияның көшбасшысы кәсіпорын жұмысшыларын партияның сайлауалды тұғырнамасымен таныстырды. Сондай-ақ құрылыс саласының мәселелері де сөз болды.
Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы интеллегенция мен бизнесмендердің партиясы екендігін атап өтті. «Ақжолдықтар» Парламентте өкілетті фракция құрмақ ниетте, - деді А. Перуашев.
«Жалпы алғанда біз экономикалық салаға, атап айтқанда, отандық өндірушілерді қолдауға ерекше назар аударып отырмыз», - деді партия төрағасы.