Қарағандыда АҚШ мемлекеттік департаментінің қаржылық қолдауымен алғашқы ортақ велотұрақ ашылды

ҚАРАҒАНДЫ. 3 мамыр. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда өткен демалыс күндері қала орталығындағы супермаркеттердің бірінің жанында алғашқы ортақ велотұрақ ашылды.
None
None

Бұл туралы осы жобаның бастамашысы болып отырған «Авалон» тарихи-жағрафиялық қоғамы хабарлады.

"Жоба АҚШ мемлекеттік департаментінің қаржылық қолдауымен жүзеге асырылып отыр", - деп хабарлады ҮЕҰ.

«Ілкі және модельді болып табылатын аталмыш тұрақ Қарағандыдағы велосипед инфрақұрылымын құрудағы алғашқы қадам болмақ. Ол оның қаншалықты қарапайым екендігін көрсете алады. Болашақта қаладағы велосипедшілер санының артып, Қарағанды қаласының көлік проблемаларын шешуге ықпал етеді. Ол сонымен қатар қала ішіндегі ауаның да аз ластануына септігін тигізеді», - деп санайды «Авалон» қоғамының белсенділері.

ҮЕҰ мүшелері хабарлағандай, тұрақты пайдаланғаны үшін велосипед жүргізушілерінен ақы алынбайды.

Соңғы жаңалықтар