Қарағандыда «ақылды» аялдама орнатылады
Қалалық коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Марлен Шалтақов қалалық аялдамаларды жаңарту қолға алынып жатқанын айтты. Кеншілер сарайының алдына орнатылған экран қанатқақты жоба болған. Аталмыш мониторды таныстыру мақсатына орнатқан фирма, тесттік кезеңді аяқталып, экранды алып кетті.
Шенеуніктер 10,5 миллион теңгеге 21 экран сатып алмақшы. ТКШ бөліміне төрт өнім беруші өз қызметтерін ұсынған. Қазір олардың сапасы мен бағасының ара-қатынасы зерделенуде. Жаңа экран қаладағы автобустар санын ғана емес, басқа да қажетті ақпараттарды көрсететін болады, монитор GPS жүйесіне қосылған, олар қажетті автобустың қай уақытта келетінін көрсете алады.
"Жақын арада конкурс өткіземіз, шарт жасасып, экранды қала бойынша орнатамыз, - деді Марлен Шалтақов. - Әзірге қаланың орталық көшелерін қамтимыз. Экранды Майқұдық пен Сұрыптау стансасындағы автобекеттерге де орнатамыз деп отырмыз. Барлығы сол жерде тұратын контингентке байланысты. Егер «ақылды» аялдаманы шет жерлерге орнатсақ, мониторды сындырып кетеді. Ал бұл қымбатқа түсед"і.