Қарағандыда алыпсатарларға ескерткіш орнатылмақ

ҚАРАҒАНДЫ. 16 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда алыпсатар кәсіпкерлерге арналған ескерткіш жобасының нобайы әзірленді.
None
None

Бұл туралы аталмыш бастаманы көтерген Еуразия кәсіпкерлер қауымдастығынан хабарлады.

«Осындай ескерткішті орнату қажет. Нақты алыпсатарлар елімізде 1990 жылдардың басында шағын кәсіпкерліктің қалыптасуына сүбелі үлес қосқан болатын», - дейді қауымдастықтың басшысы Жомарт Алдоңғаров.

Жоба нобайының авторлары - сәулетші Сабыржан Дауытбергенов пен суретші Виктор Арент.

Композиция дорбалары бар үш әйелдің мүсінінен тұрады деп күтілуде. Олардың әрқайсысы кәсіпкерлердің түрлі буынын бейнелейтін болады. Алыпсатарлық бизнестің пайда болуын дорбаның үстінде отырған әйел бейнелейді. Ал қазіргі іскер әйел арқасына ілінген қоржынмен көрсетілсе, кәсіпкерлердің жас ұрпағы бейсболкада және беліндегі сөмкесімен суреттелген.

Ұзындығы үш метрді құрайтын ескерткіш қоладан құйылып, Қарағанды қаласындағы сауда орындарының бірінің сәнін келтіреді деп жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар