Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның шахтасында өрт болды, 300-ден астам адам қауіпсіз жерге көшірілді

АСТАНА. 27 сәуір. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның Костенко шахтасында өрт болды, 319 адам қауіпсіз аумаққа көшірілді.
None
None

Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

№48К-12 2в демонтажды камерасында (горизонт 30 м) өрт 26 сәуір күні түскі сағат бір шамасында шықты. Жалын 11-ші және 14-ші секциялар аралығындағы өртке қарсы қорғаныс жүйелері арқылы сөндірілуде, гипстен бөгеттер салу жұмыстарына әзірлік жүргізіліп жатыр. Онымен бірге, экспресс-тәсілмен газдың жағдайы бақылануда. Шахтаға тасымалданбалы газ талдағыш зертхана жеткізілді.

Хабарламада айтылғандай, өрт өндірістің жалпы процесіне кері әсерін тигізіп жатқан жоқ.

Тілсіз жаумен күреске ҚР ТЖМ Қарағанды облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы; ҚР ТЖМ «Көмір» Әскерилендірілген апаттық-құтқару қызметінің» 48 адамы мен 12 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар