Қарағандыда Астананың 15 жылдығына арналған іс-шаралар жаппай жүгірумен басталды

АСТАНА. 6 шілде. ҚазАқпарат - Қарағандыда Астананың 15 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бұқаралық жүгірумен басталды.
None
None

Тәуелсіздік ескерткіші жанында мыңдаған қарағандылық жиналды.
«Астана - аздаған тарихи уақыт ішінде азат халық іске асыра алатын үлгі болып табылады. Небәрі 15 жылда оның көркейіп шыға келгенін көргенде Президентіміз бен Қазақстан халқы үшін шынайы мақтанышқа кеңелесің», - деп атап өтті өзінің құттықтау сөзінде Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғабит Мұхамбетов.
Елорданың туған күніне арналған «Саған, Астана!» эстафетасы салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізеді.
Ұйымдастырушылардың мәліметінше, жаппай жүгіруге 2 мыңнан астам адам қатысты.
Алғашқы сөре Тәуелсіздік алаңынан басталып, «Шахтер» стадионында мәреге жетті. Оған кез келген қала тұрғыны қатыса алды. Бұл кезеңнің қашықтығы - 1,5 шақырымға жуық.
Одан кейін «Қарағанды-Теміртау» эстафетасы басталды. Екінші сөренің қашықтығы 31 шақырымды құрады. Теміртаудағы мәре сызығында жеңімпаздарды марапаттау өтті.
Бүгін Қарағандыда күні бойы қаланың түрлі алаңдарында мерекелік іс-шаралар өтуде.

Соңғы жаңалықтар