11:01, 13 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қарағандыда «Ауди» көлігінің жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті, 4 жасар қыз бала мерт болды
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда «Ауди» көлігінің жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Апат салдарынан оқиға орнында 4 жасар қыз бала мерт болды, деп хабарлады дүйсенбі күні Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен.
Жол-көлік оқиғасы Бұқар жырау даңғылы мен Кирпичный тұйық көшесінің қиылысқан жерінде орын алды. Зардап шеккендердің екеуі - 23 жастағы әйел мен ер азамат - облыстық медициналық ауруханаға түсті, деп хабарлады ведомстводан.
Өткен демалыс күндері Қарағандыда 51 жастағы велосипедші көлік доңғалағының астына түсіп, қаза тапты.