Қарағандыда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде 72 миллион теңгенің өнімі сатылды

ҚАРАҒАНДЫ. Қарашаның   2-сі.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -   Қарағандыда    өткен демалыс күндері      орталық алаңдардың бірінде  дәстүрлі  ауыл шаруашылығы  өнімдері    жәрмеңкелерінің кезекті  маусымы    ашылды, 
None
None

 деп  хабарлады  Қарағанды облысы әкімінің баспасөз қызметінен.

 Жәрмеңкенің   бірінші күні 72 миллион теңге соманың  азық-түлік  өнімдері  сатылды:  207 тонна ет, 206 тонна  картоп,  205   тонна көкөніс,   106 мың   бірлік  жұмыртқа,   95 тонна    сүт, 45   тоннадан  астам  бакалея өнімдері сатылды,  деп хабарлайды   әкімдіктің баспасөз қызметінен.

 Жәрмеңкеге    Абай, Бұқар жырау,  Жаңаарқа, Қарқаралы  және  Осакаров аудандарының    диқандары, сондай-ақ облыстың бірқатар   өңдеуші   кәсіпорындары   өз  өнімдерін       шығарды.  Оларға сауда орындары тегін беріліп  отыр.

 «Мұндай жәрмеңкелер    - қала тұрғындары  үшін қысқы   базар   нарқынан   әлдеқайда арзан  бағамен   азық-түлік  өнімдерінің қорын жасаудың   жақсы мүмкіндігі болып табылады.     Бұл халықты әлеуметтік  қолдау  туралы  Елбасының тапсырмасын    нақты  жүзеге асыру»,  дейді  облыс әкімі Нұрлан  Нығматулин.

Соңғы жаңалықтар