Қарағандыда «Балалық шағымның аспаны» фильмінің тұсаукесері өтті

ҚАРАҒАНДЫ. 21 сәуір. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы «Сарыжайлау» кинотеатрында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балалық шағы мен жастық кезі туралы түсірілген «Балалық шағымның аспаны» атты фильмінің тұсаукесері өтті.
None
None

Киноның таныстырылымына Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ президенті, ҚР еңбең сіңірген қайраткері Ермек Аманшаев, фильм авторлары - қоюшы режиссер Рүстем Әбдірашев пен сценариін жазған Шахимарден Құсайынов, ҚР халық әртісі Нұржұман Ықтымбаев, әртістер Алмагүл Әлішева, Ержан Жарылқасынов пен фильмде басты рөлді ойнаған жас таланат Елжас Әлпиев қатысты.

Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов туындыны көріп шыққан соң, авторлар мен әртістерге өз алғысын жеткізді. Аймақ басшысы шығармашылық ұжымды құттықтап, бағалы сыйлықтар табыс етті.

Көрермендердің айтуынша, фильм барлық жастағы адамдарға ұнаған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум