Қарағандыда балконнан секіріп кетпек болған әйел құтқарылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 3 тамызда шамамен сағат 19.00-де Қарағанды қаласы бойынша Төтенше жағдайлар басқармасына суицид әрекеті жөнінде хабар келіп түсті. Әйел адам «Гүлдер» шағынауданындағы тұрғын үйдің 5-ші қабатынан секіремін деп қорқытқан, деп хабарланған Қарағанды облыстық ТЖД сайтында.
None
None

Оқиға орнына қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының, ІІД, жедел-құтқару жасағының, облыстық ТЖД өрт сөндіру және апаттық-құтқару қызметінің қызметкерлерімен жедел жәрдем жетті.

«Пәтерге кірмек болғанда, оның есігінің іштен жабық екені анықталды. Төтенше жағдайдың алдын алу үшін ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкері альпинистік жабдықтарды пайдаланып, 6-шы қабаттың балконынан пәтерге кіріп, мас әйелдің суицидке баруына жол бермеді», - делінген хабарламада. Кейін әйел облыстық психоневрологиялық диспансерге жеткізілді.

Соңғы жаңалықтар